«Мысалы, оңайлатылған декларация бойынша мұндай шек ағымдағы жылы 73,6 млн теңгені құрайды. Табыстың шекті мөлшері 80%-ға жеткен кезде индикатор түсін – сарыға, 100%-ға жеткенде - қызылға өзгертеді. Осыған ұқсас ҚҚС бойынша шекке жету бойынша индикатор белгіленген, одан асқан кезде салық төлеуші ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті. Осылайша, айыппұл санкцияларын болдырмау үшін қосымша режимді өзгерту және/немесе ҚҚС бойынша тіркеу қажеттілігі туралы алдын ала хабардар етеді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.