«Біріншіден, бұл 1 млн-нан астам бюджет саласы қызметкерлерінің, квазимемлекеттік сектордың, өндірістік персоналдың еңбек ақысын көтеру. Мемлекеттен қолдау алатын бизнеске нақты міндеттемелерді белгілеу арқылы ондағы 2,8 млн қызметкерлер жалақысын арттыру қарастырылған. Екіншіден, бағдарлама аясында экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін 2 млн аса жаңа жұмыс орны құрылады, оның ішінде өндіріс саласында 950 мың, инфрақұрылым саласында 583 мың, ауыл шаруашылығы бойынша – 458 мың, туристік сала бойынша 59 мың. Бұл нақты мүмкіндіктер, ұлттық жобаларда көрсетілген. Одан әрі оларды арттыруға мүмкіндік болады деп ойлаймыз», - деді Тоғжанов.