Жеке қосалқы шаруашылықтардың кірістерін едәуір арттыру көзделіп отыр. Спикер осы бағытта сәтті жұмыс істеп жатқан жобалар туралы атап өтті. Мәселен, Ақмола облысының Қарабұлақ ауылында "Ар-Ай" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Степногорск қаласын көкөніспен қамтамасыз етеді. Жамбыл облысы Қордай ауданында 17 жеке қосалқы шаруашылықты біріктіретін "Экочикен" ӘКК бір жылдың ішінде құс етін өндіруді 147 тоннадан 336 тоннаға дейін арттырды.

"Ауыл – табыс көзі" жобасы шеңберінде үй шаруашылығы кооперативтерінің бірлестіктерін қолдау көзделеді. Ауыл әкімдерінің рейтингі осы кооперативтерді қолдауы ескеріліп, назарға алынатын болады, деді Е. Тоғжанов.