«Қазіргі кезде 80%-ы деңгейінде өзімізді-өзіміз қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнімдердің 20% ғана сырттан әкелуге мәжбүрміз. Болашақта бағдарламада 2025 жылға дейін өнімнің алты түрін толықтай жабуға мүмкіндік болады. Тек қант қана 80% деңгейінде қалады, қалған басқа елдерден тәкелді болып отырған тауарлардың бәрін жүзеге асыру барысында 100% деңгейге шығарамыз. Бұл ең үлкен жобалардың бірі. Сондықтан импорттық тәуелділікті болашақта жою үшін 900 инвестициялық жоба іске асырылатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.