Спикердің айтуынша, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында 160 мың жас 400 АЕК көлемінде грант алады. «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 20 мың көп балалы ана мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар үйден табыс алу үшін қайта оқытумен қамтылатын болады. Олар үшін нарықта сұранысқа ие 10 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді курстар мен бизнес-консультациялар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда 220-дан астам мамандық трансформацияланып, 239 жаңа мамандық пайда болады.