«Жалпы кірістердегі еңбек қызметінен түскен кірістердің үлесі 70%-дан 82% - ға дейін ұлғайту көзделген.  
Ең бастысы бағдарлама арқылы біз – еліміздің азаматына өзінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, табысын арттыруға жол ашамыз, бұл өте маңызды. Жуырда Сарағаштық таксист, тағдырдың жазмышымен екі аяғынан айрылған Нұржан бауырымыздың әлеуметтік желілерде тараған видеосын көріп, таңдандым. Ол «жұмыс жоқ дегенге сенбеймін» дейді. «Бақытты отбасы» жобасы аясында өз кәсібін ашқан, тумысынан екі қолы жоқ Анар Бексұлтанова ханымның ерік-жігері барлығымызға үлгі болуы тиіс. Өмірді, отбасын, жақындарымызды сүюді осындай азаматтардан үйрену қажет деп ойлаймын.  Халықтың табысын арттыру мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың мойнында», - деді Тоғжанов.