«Өндірушінің көптеген ресми өкілдері логистикаға қатысты мәселелерді шешті, бір жерде логистикалық жолдар өзгерді, басқалары жеткізушілерді ауыстырды. Біз өсу үрдісі жалғасады деп болжап отырмыз. Біздің өндірушілер жеңілдікті несие беру бағдарламасы қарсаңында да өсу үрдісі сақталады деп отыр. Қазір БАҚ-та өндірушілер тапшылық немесе сұраныстың артуы нәтижесінде халықты автомобильдермен қамтамасыз ете ала ма деген сұрақ көп қойылуда. Иә, біздің өндірушілер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша да автокөліктермен қамтамасыз етеді. Қазақстанда көлік құралдарының бағасы мен құнына байланысты мәселелер көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар - наурыз айларында Қазақстанда көлік құралдары құнының орташа өсімі модельге байланысты шамамен 17%-ды құрады. Бүкіл әлемде баға көтерілсе де, біздің өндірушілер мен ресми өкілдеріміз оны тежей алды»,-деп сендірді отандық автобизнес өкілі.