Өткен жылы еліміздің кәсіпорындарында 1467 адам зардап шекті, оның ішінде 200 адам қаза тапты. Ағымдағы жылдың 3 айында 313 адам зардап шекті, оның ішінде 47 адам қаза тапты. Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев өндірістік жарақаттануды талдауға тоқталды.
«Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер 36% - зардап шеккендердің өздерінің өрескел абайсыздығы; 24% - еңбек және жұмыс өндірісінің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы; көптеген жағдайлар ЖКО себебінен, яғни жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізгенде орын алады. Бұл ретте жарақаттанудың жоғары деңгейі еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде: Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында сақталуда. Елімізде жалпы өндірістік жарақаттанудың төмендегеніне қарамастан, бірқатар өңірлерде: Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында өсім байқалды. Жұмыс берушінің де, қызметкерлердің де қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау негіздеріне деген көзқарастан туындайтын себептер әртүрлі», - деп атап өтті спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!