ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз алдына еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын айтарлықтай қысқарту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету міндетін қойып отыр. Бұл қалай жүзеге асырылады? Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді.
«Біз Үкімет отырысында бекітілген 2025 жылға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асырамыз. Онда өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру; өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігін жетілдіру; еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге кепілдіктер берудің тәуекелге бағдарланған тетігін енгізу көзделген. Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай жазатайым оқиғалардың жиілігі коэффициентін 1000 жұмысшыға шаққанда 0,20-ға дейін төмендету (2021 ж. – 0,22); зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің үлес салмағын 20% - ға дейін қысқарту (2021 ж. - 22,8%) күтілуде», – деді Ербол Нұрғалиев.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!