«Әлеуметтік диалог аясында 1,5 мың кәсіпорында 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 5% - дан 50% - ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Өңірлердің прокурорларымен бірлесіп, 30-дан астам адамды шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорында жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы нормаларын сақтауы тұрғысынан тексерулер жүргізілуде. Тексерулердің қорытындылары Бас прокуратураға ұсынылатын болады және мамыр айының соңында құқық бұзушыларға әкімшілік немесе басқа да тәртіп шаралары қабылданады деп ойлаймыз. Айта кетейік, соңғы уақытта еліміздің жекелеген өңірлерінде, Маңғыстау облысында айтып өткенімдей, еңбек даулары жиі орын алып, стихиялық ереуілдерге ұласып жатады. Негізінде, өз талаптарын қою – әр адамның, қызметкердің құқығы. Бірақ Еңбек кодексі, заңнамалық актілер де бар, оларға сәйкес алгоритм қарастырылған: қызметкерлерге өз талаптарын қою жолдары. Барлық наразылық акциялары осы нормаларды сақтамай өткізілген», - деді мемлекеттік инспектор.       


Ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі Еңбек кодексінде нақты анықталған: алдымен татуластыру комиссиясында, еңбек төрелігінде, мәселе реттелмеген жағдайда – сот тәртібімен шешіледі.