«Кеше панельдік талқылау аясында Ассамблея мүшелері біздің ұйымның ағымдағы күн тәртібін жан-жақты қарастырды. Барлық айтылған ұсыныстар егжей-тегжейлі зерделеніп, олардың әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады. Менің наурыз айындағы Жолдауым іске асырыла бастады. Конституциялық реформа практикалық кезеңге өтті. Жүргізіліп жатқан реформаларды әлеуметтік қолдауды кеңейту мен нығайтуда Ассамблея үлкен рөл атқарады және Ассамблея менің үмітімді ақтады», - деп атап өтті Президент. 


Референдум - бұл аса маңызды демократиялық институт. Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өтті. 
Жұмыс тобы Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзірледі, ал бұл Конституцияның үштен бір бөлігі. Аталған өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді, ол жуық арада өз үкімін шығарады. 


Содан кейін «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң қабылданды, бірақ ол іс жүзінде қолданылмады. Бұдан кейін Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болады деп санаймын. 


Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады. 


Жаңа Қазақстан – серпінді дамып келе жатқан әлемде жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайту жолы. Жаңа Қазақстан ұғымын ешбір жағдайда да жоққа шығаруға болмайды. 
Барлық азаматтарды ортақ іске тартпайынша, мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетіктер де бізді елді жаңарту мақсатына жетелейді. Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен қайта форматтау қажет.  


Біз непотизм мен патернализмге, сыбайлас жемқорлық пен ымырашылдыққа тосқауыл қоямыз. Жаңа Қазақстан әділеттілік территориясына айналуы тиіс. Ол үшін заң сөзін ғана емес, рухын да ұстану керек. 


Заңдар догма емес, олар азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдірілуі керек. Заң, әділдік және тәртіп біздің берекелі өмірімізді анықтайтын нақты факторлар болады. 


Көзқарастар мен сенімдердегі айырмашылықтарға қарамастан, біз бір-бірімізді қабылдауға және түсінуге тиіспіз. Байланыс нүктелерін іздеп, оны күшейтіп, бірігу жолдарын көбейтуіміз керек. «Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлт» деген қағидатымыз мызғымас болуы керек. 


Патриотизмнің жоғары құндылықтарының этникалық артықшылық сезімімен алмастырылуына, ал достық пен ынтымақтастықтың орнына өзара дұшпандық пен қастықтың орнауына жол берілмейді», - деді Президент ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде.