«Біздің елде, өз тілін құрметтеуге де, кез-келген тілді үйренуге барлық жағдай жасалған. Еліміздегі барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға барлық мүмкіндікті мемлекет жасап отыр. Оның бір дәлелі – елімізде «орыс», «өзбек», «ағылшын», «неміс» тілінде жұмыс істейтін мектептер бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз Жолдауыңызда «Қазақ тілінің шын мәнінде жоғары дәрежеге жетуі үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген едіңіз. Біз қазір Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы арқылы тілге арналған «Көрнекі» жобасын бастадық. Оның мақсаты «Көрнекі ақпарат туралы» Заңның талаптарын шағын және орта бизнеске түсіндіріп жүрміз, орындауға көмектесеміз. Сонымен қатар Қазақстан Халқы ассамблеясымен бірге барлық өңірде «Сөзуар» сөйлесу клубтарын ашып, тілді меңгеруге ниетті азаматтарға көмек беріп жатырмыз», - деді спикер. Бұл ретте ол бұл талап мемлекеттік қызметкерлер үшін де күшею керек екендігін атап өтті.


«Қазақ тілі қазір – қоғамның негізгі қолданыс тіліне айналып келеді. Бұл халықтың талабы. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінен тапсыратын емтиханның нәтижесі есепке алыну керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілде шығатын мелиа контентіне көбірек назар аударуымыз керек. Бастысы ұлттық құндылықтар аясында жасалатын барлық реформаларды біз Ассамблея және қоғам белсенділері ат салысуға әзірміз. Еліміздегі барлық этнос өкілдерін жұдырықтай жұмылып, «Жаңа Қазақстан» құру жолында тас-түйін бірігуге шақырамын», - деді М.Рожин.