«Қазіргі таңда өңірлерде облыстық құрамалардың дайындығы бей-берекет жүргізілуде, спорт түрлерінде жас ерекшеліктеріне қарай жауапты жаттықтырушылар жоқ. Сондықтан, өңірлерде осы жұмыстардың барлығын орталықтандырып, жауапты мекемені белгілеу мақсатында жоғары спорт шеберлігі мектептерін Спортты дамыту дирекциясы етіп қайта құру ұсынылып отыр. Мақсат - облыстық құрама командаларды дұрыс жасақтау; спортшыларды оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға жүйелі түрде қатыстыру; барлық жас ерекшеліктері бойынша аға жаттықтырушылардың жауапкершіліктерін заңдастыру; өңірлердегі Дене шынықтыру және спорт басқармаларының жұмысын жеңілдетіп, жалпы спорт саласындағы саясатты жүргізу, спорттық мекемелердің қызметін сапалы үйлестіру; жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», - деді спикер.