Отырыста Ерлан Қарин қазіргі уақытта Конституциялық кеңестің қарауындағы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы туралы айтты. Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асырылатынын және осы қадам қазіргі саяси реформалардың маңыздылығын көрсететінін атап өтті. Бұл референдум саяси жүйені толық жаңғырту үшін қажет.

Ұлттық кеңес мүшелері референдум өткізу идеясын қолдады. Сарапшылар Конституцияға енгізілетін түзетулер негізгі саяси институттардың құрылымын өзгертетініне назар аударды.