«Осы күдікті адамдардың кінәсі негізінен қылмыстар жасалған орындардан алынған бейнежазбалармен, көзбен көргендер мен куәлардың көрсетпелерімен, сондай-ақ алынған заттай дәлелдемелермен дәлелденеді. Жақын арада қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде және прокурорлармен келісу бойынша осы қылмыстық істер бойынша түбегейлі процестік шешімдерді қабылдау жоспарлануда. Сонымен бірге жедел және сапалы тергеудің нәтижесінде біздің тергеушілер 473 айыпталушыға қатысты 288 қылмыстық істі айыптау актісімен аяқтап, сотқа жолдады. Бұл ретте зардап жәбірленушілердің әрқайсысы өз заттарын қайтарып алып немесе ол үшін өтемақы алып, қайғылы оқиғалардан кейін өзіне барынша жылдам келетіндей етіп, келтірілген зардаптың орнын толтыру полиция үшін негізгі басымдық болып табылады», - деді ІІМ өкілі.  


С.Әділов сотқа жолданған істер бойынша жәбірленушілерге сомасы шамамен 100 млн теңгеге зардаптың орны толтырылғанын атап өтті. Бұл полиция қызметкерлерінің ұрланған мүлікті анықтауы және алып қоюы, сондай-ақ айыпталушылардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, оның ішінде сот тергеуі кезеңінде зардаптың орнын толтырғаны нәтижесінде қамтамасыз етілді.