«Мысалы, Жамбыл облысы ПД-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқ-дәрісі бар екі «Калашников» автоматын сатпақшы болған кезде жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті ұсталды және сот санкциясымена күзетпен ұстауға алынды. Сонымен бірге түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтар қарудың 145 бірлігін өз еркімен тапсырды, өткен апта ішінде ғана Алматы облысында азаматтар үш тегіс ұңғылы мылтық берген. Азаматтардың тәртіпсіздіктер барысында ұрланған мүлкін табу мен алып қою бойынша жедел іс-шаралар белсенді жалғастырылуда. Қабылданған шаралардың арқасында полиция қызметкерлері сомасы 340 млн теңгеден артық мүлкі табылып алып қойылды. Мысалы, ағымдағы жылғы 5 қаңтарда Алматы облысының 4 тұрғыны Алматы қаласында Әлімжанов көшесіндегі «Кcell» акционерлік қоғамы филиалынан жалпы сомасы 3 млн. 555 мың теңгеге 27 ұялы телефонды ұрлаған. Күдіктілер ұсталды және соттың санкциясымен оларға кепіл түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Медеу ауданы сотының үкімімен олар кінәлі деп танылды және жағымды мінездемелері, залалдың орнын толтырғаны ескеріліп, үш жылға бас бостандығын шектеуге сотталды», - деді ІІМ өкілі.