Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайтында өтініш беруге болады.  


«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады. Екі тестілеу кезінде бейінді пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат», - деді спикер. 


Сонымен қатар, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.