«Сонымен қатар, егер бірінші тестілеу кезінде ереже бұзылса, онда екінші рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Ал егер екінші тестілеу кезінде де ережелер бұзылса, онда бірінші және екінші сынақтың нәтижелері жойылады. Сондықтан талапкерлерді академиялық адалдықты ұстануға шақырамыз. Сондай-ақ «Құқық» бағыты бойынша шекті бал 75ке едйін көтерілді. басқа бағыттар бойынша өзгерістер жоқ. Айта кетейік, академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тестілік нұсқасы таңбаланады, яғни ҰБТ-ның әрбір қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Талапкерлер ережелерді бұзған жағдайда олардың нәтижелері жойылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізіледі», - деді спикер. 


Сондай-ақ, Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тестілеуге 40 минут қосымша уақыт беріледі. Сонымен қатар, олар үшін тесттердің сапасы мен құрылымы өзгерді.