«Сынақ тестілеуі талапкерлерге тестілеуге дайындығын жақсартуға және қандай тақырыптарды тереңірек зерделеу керегін түсінуге көмектесу үшін жасалған. Сынақ тестілеуінен өту кезінде талапкерге тест тапсырмаларымен танысуға және таңдалған пәндер бойынша өзінің білім деңгейін тексеруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн-сабақтарының саны артты. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша биыл тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз қалды, бірақ контекстік тест тапсырмалары енгізілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, талапкерлер тест тапсыратын күнін, тапсыратын уақытын және жерін өздері таңдайды.