«Көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 5% квота, толық емес отбасыларға - 1%, бала кезінен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін 1% квота, қандастарға арналған 4%, жетім балаларға арналған 1%, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін 0,5%, ауыл жастарына - 30%, «Серпін» бағдарламасы бойынша 10% квота және мүгедек балалар үшін 1% квота бар. Бұл квоталар бойынша өзгерістер жоқ. Әдеттегідей бұл топтардан шыққан балалар үшін гранттар беріледі.

Мүгедек және жетім балаларға келсек, былтыр да, оның алдындағы жылы да осы топтан шыққан балалар грантпен қамтылды. Биыл да осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев.