«Конституцияға енгізілетін өзгерістерде демократиялық қайта құруға деген адалдықты көрсететін маңызды саяси реформалар бар екенін атап өткен жөн. Шын мәнінде, жаңа өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа үлгісі – жаңа Қазақстанды дамытуға серпін береді және Қазақстан азаматтары республикалық референдумда маңызды шешім қабылдайтын болады.», - деп атап өтті депутат Владимир Волков.

Сенатор Ольга Булавкина қазіргі кезде Қазақстанда болып жатқан реформалар елеулі саяси трансформацияны талап ететінін атап өтті.

«Қазақстандық қоғамының қуаттылығы, оның принципті ұстанымдары қаңтар оқиғасынан кейін бастау алған Қазақстанның жаңа тарихи кезеңінің көрінісі болады. Азаматтардың еркін білдіруіне негізделген жалпыхалықтық референдум – ел Президенті жүргізіп отырған саяси қайта құрудың айтулы жетістіктерінің бірі, қоғамды демократияландыруды нығайтуға бағытталған қадамдар реттілігінің көрінісі», - деді сенатор Ольга Булавкина.