Бүгінде Түркістан облысында 5301 соғыс ардагері мен оларға теңестірілгендер тұрады. Оның ішінде 22 соғыс ардагері мен соғыс мүгедегі бар. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер саны 154 болса, тыл еңбеккерлерінің саны – 5125.

Жыл сайын Жеңіс күні мерекесіне орай жоғарыда аталған санаттағы ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан Республикасы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға бірдей мөлшерде біржолғы материалдық көмектер төлену жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Осы арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 (бір) миллион теңге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге санаттарына қарай 30-100 мың теңге аралығында бір реттік материалдық көмек беріліп жатыр. 


Жеңіс мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы білім ұялары мен спорттық алаңдарында патриоттық бағыттағы тәрбие сағаттары, кездесулер, концерттер ұйымдастырылады. Сонымен қатар басшылардың және Ардагерлер кеңесі төрағаларының, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялардың қатысуымен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілмек.