«Азаматтарға арналған үкімет – Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетуші бірыңғай провайдер. Корпорация төрт түрлі мекеменің қосылуынан пайда болды. Көпшілік бізді халыққа қызмет көрсету орталықтарына жауапты мекеме ретінде таниды. Алайда одан бөлек жер кадастры, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны есептеу, заңды тұлғаларды тіркеу сияқты бағыттарымыз бар. Корпорация мемлекеттік реестрдегі 664 қызмет түрін көрсетеді. Бес жыл ішінде қазақстандықтарға 167 миллионнан астам қызмет көрсетілді», - деді басқарма төрағасы.  


Айта кетейік, мемлекеттік корпорация құрамында 22 мың маман бар. Ел бойынша облыстар мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында барлығы 19 филиал жұмыс істейді. Ауыл-аудандарды қамтитын 328 халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік пен жер кадастры, әлеуметтік төлемдер бойынша барлығы 442 бэк-офис ашылды. Оған қоса ауылдарға баратын 68 мобильді ХҚКО қызмет көрсетеді. Бүгінде күн тәртібінде бірқатар қызметті автоматтандырып, цифрлық форматқа ауыстыру жұмыстары көзделген. Халыққа ыңғайлы болар сервистерді де енгізіліп жатыр.