«Былтыр 2,4 млн-нан астам қазақстандық ХҚКО арқылы жаңа төлқұжат пен жеке куәліктер алған. Қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл қызметті әр ХҚО-да тек көші-қон полициясының екі қызметкері көрсетеді. сонымен қатар клиенттер құжаттағы фотосуретінің сапасына көңілі толмай, жиі шағымданады. Сондықтан біз ХҚКО-ларда құжаттандыру терминалдарын орнатуды ұсындық. Құжаттау терминалдары биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған. Бүгінде мұндай терминалдарды пилоттық режимде іске қосуға қатысты ІІМ-мен бірлескен бұйрыққа қол қою жөніндегі мәселе шешілуде», - деп атап өтті спикер.  


Өткен жылы Kaspi.kz және Halyk Bank мобильді қосымшаларында көлікті қайта тіркеу қызметі іске қосылды. Осының арқасында автокөлікті тіркеу уақыты 15-25 минутқа дейін қысқарды. Биыл 1 тоқсанның қорытындысы бойынша қосымшалар арқылы online қайта ресімдеулердің үлесі 37%-ды құрайды. 1-ші тоқсанда адамдар мобильді қосымшалар арқылы көлікті қайта тіркеу қызметін 244 мыңнан астам, egov.kz порталы арқылы – 10 мыңнан астам мәрте пайдаланған.