Осылайша, 2020 жылы қабылданған Заң ардагерлердің жаңадан енгізілген санаттарына жататын 11 мыңнан аса адам үшін, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД-ның шекарасын қорғауды күшейтуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге, Ирактағы бітімгершілік операцияға қатысқан әскери қызметшілер ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді, сондай-ақ ардагерлерге ұсынылатын барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берілді.  

«2021 жылы «Ардагерлер туралы» Заңға «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған – 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды  еңбек ардагерлеріне жатқызуды көздейтін өзгерістер енгізілді. Биыл «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының шеңберінде Таулы Карабахтағы ұрыс қимылдар мерзімін 1991 жылдың соңына дейін ұлғайту көзделуде. Нәтижесінде, ардагер мәртебесін Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан қосымша 593 әскери қызметші алатын болады, – деді Руслан Сәкеев.

Жалпы, 2022 жылы Қазақстанда 98,1 мың ардагер мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады.