Кездесу өте қызықты өтті, балалар өздерін қызықтырған көптеген тақырыптарды: спорт, мәдениет, физика, математика, цифрландыру және т.б. тамаша меңгергендеріне таң қалдым. Бұл әртүрлі олимпиадалардың, конкурстардың, қазақстандық және халықаралық деңгейдегі чемпионаттардың 68 жеңімпазы. Олардың барлығы грамоталар алды, 40 оқушыға жүз мың теңгеден, ал 28 студентке ноутбуктер табыс етілді. Біздің балалар көрсететін беделді әлемдік зияткерлік жарыстардағы осындай жоғары нәтижелер өңірде ТжКБ-ны дамыту үшін жасап жатқанымыздың бәрі бекер жасалмайтындығын растайды. Мысалы, құзыреттілік орталықтары колледжде оқу кезінде практикалық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, барлық оқушылар мен студенттер үш тілде еркін сөйлейтінін атап өткім келеді, бұл да қуантады, – деп қорытты өз сөзін Д. Ахметов. .