2022 жылы 6 мамырда онлайн режимде Орталық референдум комиссиясының отырысы өтіп, онда 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері қарастырылды.

Отырысқа Бас прокуратураның, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау министрліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ бейнеконференция байлынысы режимінде-аумақтық референдум комиссиялары қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібі бойынша бес мәселе қаралды:

1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері;

2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы;

3. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізуді ақпараттандыру және жария ету жөніндегі БАҚ-ты аккредиттеу мәселелері туралы;

4. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдындағы үгіт туралы;

5. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы.

Отырыс барысында Нұрлан Әбдіров Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты және халықтың тікелей заң шығаруын білдіреді. Бұл мемлекет үшін және әрбір жекелеген азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі.

Негізгі Заңға енгізілетін түзетулер еліміз үшін аса маңызды. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болмақ. Яғни, Конституциямыз жаңа мәртебеге ие болады.

«Осылайша, еліміздің Президентінің өз өкілеттіктеріне сәйкес бастамашылығымен «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал бойынша бүкілхалықтық дауыс беру азаматтардың мемлекет істерін басқаруға тікелей қатысуын және саяси шешімдерді қабылдау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді» – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Ол республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық Заңы айқындайтынын хабарлады.

Конституциялық Заңның 20-бабына сәйкес референдумды әзірлеу мен өткізуді: референдумның орталық комиссиясының функцияларын орындайтын ҚР Орталық сайлау комиссиясы; референдумның аумақтық комиссияларының функцияларын орындайтын ҚР аумақтық сайлау комиссиялары; референдумның учаскелік комиссияларының функцияларын орындайтын учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Конституциялық заңның нормаларына сүйене отырып, Орталық референдум комиссиясының «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум комиссиялары туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, республикалық референдумды дайындау мен өткізу кезінде референдум комиссиялары тиісті сайлау комиссияларының мөрлерін, интернет-ресурстарын пайдаланады.

Сондай-ақ, К.Петров республикалық референдум өткізу кезіндегі барлық деңгейдегі референдум комиссиясының өкілеттігі туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Баяндама аясында Константин Петров республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының жобасын ОРК қарауына ұсынып, референдумды әзірлеудің әрбір кезеңіне тоқталды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес:

Аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануға тиіс (референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей).

Референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарлар бұқаралық ақпарат құралдарында – 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануға тиіс (референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей).

Үгіт референдум тағайындалғаннан кейін басталып, дауыс берілетін күннің алдындағы күні 00:00 сағатта, яғни 2022 жылғы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады (референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіттеу жүргізуге тыйым салынады).

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне әрбір учаске бойынша шешімімен учаске құрылған әкім қол қояды және 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірiлмей (дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын) акт бойынша табыс етіледі.

Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етеді (дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда).

Референдумда дауыс беруді өткізу уақыты, орны, ұйымдастырылуы мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес айқындалады.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Сондай - ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген қағидаларға сәйкес «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға қайшы келмейтін бөлігінде учаскеде дауыстарды санауға, әкімшілік-аумақтық бірлікте дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты мәселелер шешіледі.

Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Орталық референдум комиссиясының «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады.

Ол «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес референдум өткізу кезінде өкілеттігі Орталық референдум комиссиясы белгілеген тәртіппен куәландырылатын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатыса алатынын хабарлады.

Конституциялық заңның нормаларына сүйене отырып, «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Орталық референдум комиссиясының Төрағасы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шақыруы бойынша дауыс беруді бақылауға қатыса алады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық референдум комиссиясының жанында аккредиттеледі.

Сыртқы істер министрлігі жанынан Халықаралық бақылау мәселелері жөніндегі Штаб ашылды.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың референдум өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, орталық комиссия белгілеген үлгідегі аккредиттеу куәлігі беріледі.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлік болған кезде референдумға байқауды жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, ОРК қаулысы шетелдік бақылаушыларды аудармашымен бірге алып жүру мүмкіндігін қарастырады.

Сондай-ақ қаулымен шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысы сауалнамасының мәтіні бекітілді.

Аккредиттеуді өткізу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2022 жылғы 30 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де аяқталады.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша Нұрлан Әбдіров Конституциялық заңға сәйкес референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық және жария түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Ол «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 6-бабының 5-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзірлік пен оны өткізу барысын жария етіп отырғанын, олардың референдум комиссиялары жанында тіркелген өкілдерінің референдум өткізуге байланысты іс-шараларға қатысуына кепілдік берілетінін атап өтті.

Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясы мүшелерінің қарауына «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы» қаулы жобасы шығарылды.

Қаулыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Журналисттерді аккредиттеу қағидалары» негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу алгоритмі көзделген.

Көрсетілген қағидаларға сәйкес тиісті референдум комиссияларына бұқаралық ақпарат құралдары журналисті референдум іс-шараларына уақытша аккредиттеу туралы өтініш беруге тиіс, онда мыналар:

1) журналисттің тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;

2) іс-шараның атауы және өткізу мерзімі;

3) БАҚ туралы мәліметтер: БАҚ атауы, жеке тұлғалар үшін заңды мекенжайы және заңды тұлғалар үшін орналасқан жері, бақ байланыс деректері көрсетілуі тиіс.

Өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Сондай-ақ, мәлімдемеде тиісті БАҚ иесі немесе бас редакторы өтініште көрсетілген журналист БАҚ қызметкері екенін және оған қол қойғанын растайды.

Референдум комиссиялары журналистті аккредиттеуден келесі негіздер бойынша бас тартады:

1) тиісті құжаттарды ұсынбау;

2) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

3) уәкілетті орган жүргізіп отыратын есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет-ресурстардың, ақпараттық агенттіктердің тізілімінде (реестрінде) болмауы.

Бұл алгоритм бұқаралық ақпарат құралдарының қолданыстағы тәжірибесіне толық сәйкес келеді.

Жобаны қарау қорытындысы бойынша қаулы ОРК мүшелері оны бірауыздан қабылдады.

Республикалық референдум алдындағы үгітке қатысты отырыстың төртінші мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң шеңберінде республиканың азаматтарына, қоғамдық бірлестіктеріне референдумға қойылған мәселе бойынша жиналыстарда, митингілерде, азаматтар жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірін білдіру құқығына кепілдік берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, үгіт жөніндегі мәселе шеңберінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт жүргізу, сондай-ақ ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу туралы» баяндама жасады.

Бас Прокурордың орынбасары Болат Дембаев «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдындағы үгіт кезінде референдум туралы заңнаманың дәл және біркелкі қолданылуын қадағалау туралы» баяндап өтті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» баяндама жасады.

Нұрлан Әбдіров азаматтар мен республиканың қоғамдық бірлестіктерін қатаң белгіленген заңнама шеңберінде үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге шақырды.

Отырыстың күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина баяндап өтті.

Өз баяндамасы аясында ол Орталық референдум комиссиясы мүшелерінің қарауына «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы» қаулы жобасын ұсынды.

Жобаны қарау қорытындысы бойынша республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы қаулы бірауыздан қабылданды.

Қаулы аясында каскадты оқытуды жүзеге асыру алгоритмі келесі жоспарды қарастырып отыр:

13 мамырға дейін – аумақтық референдум комиссияларының босатылған барлық мүшелерін оқытуды аяқтайтын болсын;

20 мамырға дейін – аумақтық референдум комиссияларының босатылмаған мүшелерін, сондай-ақ учаскелік комиссиялардың басшы құрамын – төрағаларды, олардың орынбасарлары мен хатшыларын оқытуды аяқтасын;

4 маусымға дейін-учаскелік референдум комиссияларының барлық мүшелерін оқыту, оқуды дауыс беру күнін ұйымдастыру және өткізу бойынша жаппай тренингпен аяқтау.

Оқытуға мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдары тартылатын болады.

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері үшін оқыту семинарлары өткізілетін болады.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған референдум комиссияларының мүшелері үшін онлайн-оқыту жеке бағыт болады. Бұл жұмысқа Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы тартылады.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өтті, онда Орталық референдум комиссиясының мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Орталық референдум комиссиясының екінші отырысы 6 мамырда сағат 15.00-де өтеді.