Отырысқа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің,б ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ бейне конференция байланысы режимінде аумақтық референдум комиссиялары қатысты.

Отырыстың екінші бөлігінде келесі мәселелер қаралды:

1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу және құжаттарды сақтау тәртібі туралы;

2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде ақпарат беру мәселелері туралы;

3. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы;

4. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы;

5. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы;

6. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде мүгедек жандарға жағдай жасауды қамтамасыз ету туралы.

 

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол республикалық референдум туралы Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетеньдердің, азаматтар тізімдерінің, референдум өткізуге қажетті өзге де құжаттардың нысандары мен мәтіндерін, референдум құжаттарын сақтау тәртібін белгілейтінін атап өтті.

Конституциялық заңның нормаларына сүйене отырып, Орталық референдум комиссиясының «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулымен республикалық референдум өткізуге арналған 8 құжат нысаны бекітілді.

1. Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінің нысаны тізімде референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы (он сегіз жаста болса – қосымша күні мен айы көрсетіледі), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі;

2. Учаскені ашу туралы учаскелік референдум комиссиясы хаттамасының нысаны. Хаттама референдум учаскесінің дауыс беруге дайындығын анықтау мәселелерін көздейді: жәшіктерге мөр қою, учаскедегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің саны, комиссия мүшелерінің дауыс беруге арналған бюллетеньдерді таратуы.

3. Учаскедегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік референдум комиссиясы хаттамасының нысаны;

4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы аудандық, қалалық референдум комиссиясы хаттамасының нысаны;

5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссиясы хаттамасының нысаны;

6. Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындылары туралы хаттамасының нысаны. Орталық референдум комиссиясы қорытындыларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың референдум комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы ұсынылған хаттамалардың негізінде белгілейді.

7. Шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның байқаушысы куәлігінің нысаны («республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулының жобасы белгіленген тәртіппен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған).

8. Учаскелердің саны мен республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны туралы аумақтық референдум комиссиясының хабарлау нысаны.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Нұрлан Әбдіров референдум комиссиялары референдум өткізуді ұйымдастыру жөніндегі өз жұмысы туралы, дауыс беру учаскелерін құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жері мен жұмыс уақыты, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімі туралы азаматтарды хабардар ететінін атап өтті.

 

 

Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

Ол Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген өкілеттіктерге сәйкес Орталық референдум комиссиясы азаматтарды референдумға әзірлік барысы туралы хабардар ететінін атап өтті.

Осы норманы іске асыру үшін барлық отырыстар сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, Комиссияның интернет-ресурсы мен Youtube арнасы арқылы онлайн-режимде өтеді. Telegram арнасы да жұмыс істейді.

Орталық референдум комиссиясының барлық іс-шараларына бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілді. Әр отырыстан кейін күн тәртібі аясында журналистер үшін брифингтер өткізу қарастырылған.

Орталық референдум комиссиясының тапсырысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында алдағы республикалық референдум туралы ақпаратпен бірқатар материалдар дайындау жоспарлануда. Бұл-аудио, видеороликтер, интернет-баннерлер, модульдер, билбордтар.

Дыбыс-бейне жазу және баспа материалдары республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын болады. Аумақтық референдум комиссияларына оларды демонстрациялық экрандарда көпшілік жиналатын жерлерде пайдалану ұсынылады.

Бұдан басқа, республикалық референдум өткізу туралы ақпараттық баннерлер орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Анастасия Щегорцова заңнамада республикалық референдум өткізу кезінде азаматтардың дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлау жөніндегі учаскелік комиссиялардың жұмысы көзделгенін атап өтті. Бұл жұмыс ағымдағы жылдың 25 мамырынан басталады. Дауыс беруге арналған үй-жайда көрінетін жерде міндетті түрде бірқатар ақпараттық материалдар ілінуі тиіс:

- референдумға қойылған мәселенің мәтіні;

- «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

Сонымен қатар, Орталық референдум комиссиясы цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп SMS-тарату мәселесін пысықтауда. SMS-хабарлама арқылы қазақстандықтарға республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде өзін-өзі тексеру ұсынылады.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол Орталық референдум комиссиясы мүшелерінің қарауына «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулы жобасын ұсынды, онда жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ өңірлердің референдум комиссияларына тапсырмалар берілген. Жобаны қарау қорытындысы бойынша, қаулы бірауыздан қабылданды.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеу негізінде жасайды.

Тұрғылықты жері деп тұрақты тіркеу орны түсініледі. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге өздері берген өтініш негізінде ғана енгізілуі мүмкін.

Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастыру ұсынылды.

Референдумның әрбір учаскесі бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, яғни 15 мамырда акт бойынша референдум комиссиясына ұсынады.

Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған референдум учаскелері бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, яғни 20 мамырдан бастап тиісті комиссиялар азаматтарға танысу үшін ұсынады.

Азаматтарға тиісті учаскелік комиссиялардың үй-жайларында тізімдермен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген өздері туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған учаскелер бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың, ал республика бойынша мұндай 553 учаскенің тізімі дауыс берілетін күнге дейін бес күн бұрын танысу үшін ұсынылады.

Бұл демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде; шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерінде; тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында; әскери бөлімдерде құрылған учаскелер.

Бұл учаскелердегі азаматтардың тізімдері әскери бөлімдердің командирлері, аталған мекемелердің басшылары, тиісті әкімдер ұсынған деректер негізінде жасалады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 51 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан учаскелер құрылатын болады. Бұл учаскелерде тізімдерге белсенді құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар енгізіледі.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген республика азаматтары учаскелік комиссияға өтініш жасаған кезде және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде де тізімге енгізіледі.

СІМ шетелдегі азаматтарымызды тізімге енгізу үшін ҚР аумағынан тыс орналасқан учаскелік комиссияларға көмек көрсетеді.

Жалпы, жергілікті атқарушы органдар референдум өткізілетін күні учаскеге келген азамат өзін тізімнен тауып, Конституция кепілдік берген өз құқығын кедергісіз іске асыруы үшін референдум комиссияларымен бірлесіп барлық шараларды қабылдауы тиіс - деп атап өтті Константин Петров.

 

 

Сондай-ақ, күн тәртібінде қаралған осы мәселе шеңберінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмыс жсауды ұйымдастыру жөнінде түсініктеме берді.

Күн тәртібіндегі осы мәселені қарау қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров неғұрлым толық және дұрыс тізімдерді қалыптастыру жергілікті атқарушы органдардың функциясы ретінде ғана емес, әкімдердің, аумақтық референдум комиссияларының және әрбір азаматтың бірлескен міндеті ретінде де қаралуға тиіс екенін атап өтті.

«Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясының азаматтарға құқықтық сауаттылық таныту және олардың республикалық референдумға қатысу құқығын іске асыру туралы үндеуін қабылдау қажет деп санаймыз! Азаматтарды дауыс беруге арналған тізімге енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді уақтылы қабылдау қажет», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

 

 

Отырыстың төртінші мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады.

Ол «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 27-бабының 4-тармағына сәйкес Орталық референдум комиссиясы өз өкілеттіктеріне сәйкес: дауыс беруге арналған бюллетеньнің нысаны мен мәтінін; оларды дайындау тәртібін белгілейтінін хабарлады.

Осыған байланысты Орталық референдум комиссиясының мүшелері «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.

Қаулымен мемлекеттік тілде және орыс тілінде дауыс беруге арналған бюллетеннің нысандары мен мәтіні дайындалды. Сондай-ақ дауыс беруге арналған бюллетеньнің қорғалу дәрежесі белгіленген, онда офсеттік басып шығару тәсілімен басылған қорғаудың полиграфиялық әдістері, басып шығару түсі, қарпі көзделген.

Дауыс беруге арналған бюллетеньде шығарылып отырған мәселенің тұжырымы және дауыс берушінің жауабының нұсқалары келтірілмек және олар референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілген сан көлемінде тең мөлшерде және бір пайыз резервпен дайындалады.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ тілінде және орыс тілінде, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жинақы тұратын халықтың көпшілігінің тілінде басылады.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның нормасында референдумның учаскелік комиссиялары оны өткізерден кемінде жеті күн бұрын дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтамасыз етіледі деп белгіленген.

Науқанның өткізілу мерзімін ескере отырып, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың референдум комиссияларына тапсырылады.

Резерві бар бюллетеньдердің саны бір процент жергілікті атқарушы органдар референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін референдум комиссиясына бергеннен кейін (дауыс беру күніне дейін 20 күн бұрын) арнайы отырыста белгіленетін болады.

 

 

Бесінші мәселе бойынша Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда азаматтардың тұрғылықты жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бойынша дауыс беру құқығы қарастырылған.

Осыған байланысты, Конституциялық заңның нормаларын іске асыру үшін Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.

Қаулымен 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларына» сай жүзеге асырылады деп айқындалып отыр.

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумда дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігінің нысаны белгіленді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен республика елорданың комиссиялары: дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің қажетті санын белгілейді және оларды дауыс берушілердің жалпы санының бір пайызынан аспайтын есеппен дайындауды қамтамасыз етеді; есептен шығару куәліктерін дауыс беретін күнге дейін жиырма күннен кешіктірмей тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық комиссияларға бөледі және береді.

Есептен шығару куәліктерінің бес таңбалы сериялық нөмірі болады. Олар жоғары және төмен тұрған комиссиялардың төрағасы мен хатшысы қол қоятын актімен ресімделеді, содан кейін олардың мөрлерімен расталады.

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік комиссия дауыс беру күні азаматтарды оның болатын жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді. Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді. Есептен шығару куәліктерінің көшірме нұсқалары берілмейді.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының аумақтық комиссияларының назарын есептен шығару куәліктерін дайындаудың және есепке алудың белгіленген тәртібін қамтамасыз етуге аударды.

 

 

Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов баяндама жасады.

Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 39-бабының 1-1-тармағына сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын адамдардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтті.

Конституциялық заң нормаларының негізінде «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде мүгедек адамдарға жағдай жасау туралы» Орталық референдум комиссиясының қаулысы қабылданды.

Қаулымен референдумды сапалы ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мүгедек жандардың құқықтарын іске асыру үшін олардың учаскелерінде жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет деп белгіленген.

Бұдан басқа, тиісті нұсқаулықтар мен ұсынымдардың талаптары қамтамасыз етілуге тиіс, оның ішінде: дауыс беруге арналған үй-жайлар орналасқан ғимаратқа кіре берісте тұтқалар, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар көзделуге тиіс (уақытша пайдалануға рұқсат етіледі); дауыс беруге арналған үй-жайлар мүгедек адамдар үшін ең жоғары қолжетімділікпен бірінші қабаттарда орналастырылуға немесе дауыс беруге арналған басқа қабаттарға көшу механизмдері болуы қажет.

Дауыс беруге арналған үй-жайларда: әртүрлі тактильдік көрсеткіштер (мүмкіндігінше); тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған адамдардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын адамдардың кіруін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабинаны; мүгедек жандарға арналған: мониторы бар компьютерді (диагоналі кемінде 54 сантиметр) қамтитын арнайы жабдықталған орынды (бұрышты) көздеу қажет.) Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат мүгедек адамдар үшін бейімделген форматта болуы тиіс; құлаққаптар; қосымша жарықтандыру, лупалар болуға тиіс.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруге қатысу құқығын іске асыруы және дауыс беру пункттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін барлық шаралар көзделуге тиіс екенін атап өтті.

«Өңірлерге сапар барысында біз мүгедек адамдардың белсенді азаматтық ұстанымын және олардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге барынша қатыса түсуге деген ұмтылысын байқадық. Жергілікті атқарушы органдар, жергілікті жерлердегі комиссиялар халықаралық конвенцияларды да, ұлттық заңнаманың талаптарын да нақты басшылыққа алуы тиіс», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.