2021 жылы 66,0 мың гектар алаңда 138 млн. дана ағаш отырғызылды, ал жоспар бойынша 61,7 мың га алаңда 130,0 млн. дана ағаш отырғызылу көзделген еді.

2022 жылы 111,5 мың гектар алқапта 278,8 млн.дана ағаш отырғызу жоспарланған. Көктемгі егу жұмыстары 40,1 мың гектар жерге 108,5 млн.дана ағаш егу жоспарланған.

Қазіргі уақытта 35,4 мың гектар алқапқа 100,0 млн. дана ағаш отырғызылды. Оның ішінде Нұр-сұлтан қаласының айналасындағы "Жасыл Аймақ" РМК аумағында 2700,0 га алаңда 5,0 млн. дана отырғызылды.

Көктемгі егу жұмыстары 15 наурызда басталып, үстіміздегі жылдың 15 мамырына жоспарланған. Күзгі отырғызу 71,4 мың гектар аумаққа 170,2 млн. дана ағаш жоспарланған.
Күзгі отырғызудың басталуы 15 қыркүйекке, аяқталуы 2022 жылғы 15 қарашаға жоспарланған.

Бұл туралы бүгін "Жасыл Аймақ" РМК аумағында журналистерге арналған баспасөз туры барысында белгілі болды.