Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. 2022 жылдың ақпан-сәуір айларында нақты 231 мың тонна немесе 92% жеткізілді.  


«АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын жөнелту басым негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте тиеп-жөнелтуді бақылау және мониторингтеу тәулік сайынғы негізде жүргізіледі. Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы МӨЗ-де 1 тоннасы үшін 212 мың теңгені (литріне 176 теңге) құрайды. Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, АШТӨ үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30%-ға төмен болады. 2019 жылмен салыстырғанда баға өсімі 8,4%-ды құрайды немесе жыл сайынғы өсімнің 3%-ынан аспайды», - деді спикер.