Министр Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік архивтер басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. Түрік тарапынан құжатқа Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік мұрағаттар басқармасының директоры, профессор, доктор Угур Унал қол қойды.

Сондай-ақ кинематография саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Түрік тарапынан бұл құжатқа Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой қол қойды.