Тараптар қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылы неғұрлым нәтижелі болуы мүмкін деген бағыттарды атап өтті. Олардың қатарында әскери білім мен ғылым, әскери дайындық, әскери-техникалық ынтымақтастық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс салалары бар.

Әскери ведомстволар өкілдерінің пікірінше, екі жақты әріптестік қатынастар Қазақстан мен Сербияның қорғаныс қабілетін нығайтуға оң ықпал ететін болады.