КІРІСТЕР БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджетке 5 трлн 93 млрд теңге сомасында (трансферттерді есепке алмағанда) кірістер түсті немесе жоспар 108,6%-ға орындалды.   

Республикалық бюджетке 3,4 трлн теңгеге жуық қаражат (трансферттерді есепке алмағанда) түсті немесе жоспар 101,1%-ға орындалды.

Кірістер бойынша жоспар 36 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 24 млрд теңгеге, салықтық емес түсімдер 12 млрд теңгеге асыра орындалды.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 127,1%-ға атқарылды және 1 трлн 719 млрд теңгені құрады.

ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША  

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,4%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 5,6 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ БОЙЫНША

Биыл 4 айда 4,4 трлн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды.

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 объектіні сату көзделген.

Есепті кезеңде сомасы 61 млрд теңгеге 227 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.