«Бірінші. Президенттің лауазымына байланысты шектеулер. Бұл, бірінші кезекте, Президенттің жақын туыстары үшін саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды атқаруға шектеу болып табылады. Екіншіден, Президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болуына шектеу қою. Бұдан әрі Президенттің өңірлер әкімдерінің актілерінің күшін жою және тоқтата тұру, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін босату құқығы алынып тасталады. Яғни, Президенттің өкілеттіктері қысқаруда»,- деді сарапшы. 


Екінші. Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты үш норма алынып тасталды: Бірінші Президентке 2 реттен артық сайлану мүмкіндігі; оның қызметін жекелеген Конституциялық заңмен реттеу; Тұңғыш Президент іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің және және оның мәртебесінің өзгермеуі; Экс-президенттердің Конституциялық Кеңесте болу құқығы да алынып тасталатынын атап өткен жөн.