«Мемлекеттік институттар тек халықтың атынан осы ресурстарды басқарады. Бұл жерге жеке меншік режиміне ешқандай жағдайда әсер етпейтінін ескеру қажет, яғни жеке меншіктегі жер одан әрі жеке меншікте болады. Сондай-ақ, Конституцияда билікке қатысты ұқсас режим, идея бар екенін атап өткім келеді. Конституция бойынша билік халыққа тиесілі. Алайда халық өз билігін мемлекеттік институттар арқылы жүзеге асырады», - деді заңгер. 


Сонымен қатар, кейбір адамдардың лауазымда болуына байланысты шектеулер қойылады. 

«Мәселен, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот және өзге де соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық Палатаның Төрағасы мен мүшелері үшін саяси партияда, кәсіподақтарда болуға, және қандай да бір партияны қолдауға тыйым салу ұсынылып отыр», - деді Мұқанова. 
Бұдан өзге, өлім жазасы жойылды. Мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құру, сондай-ақ, құқық қорғау институттарын күшейту қарастырылған.