«Енді Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, Бас прокурорға және ең бастысы азаматтарға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылады. Бұл кез келген нормативтік құқықтық акт Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қаралуы мүмкін дегенді білдіреді – бұл дегеніміз министрліктердің қандай да бір қағидалар мен тәртіпті бекітетін бұйрықтары, әкімнің нормативтік актілері және тіпті Үкімет қаулыларына дейінгі мәселелерді қамтиды. Қазіргі таңда олардың дау-дамайы азаматтық процестің ережелеріне сәйкес жалпы юрисдикция соттарында жүзеге асырылады.  


Конституциялық Сот – мемлекеттің конституциялық негіздері мен адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемге әйгілі модель. Конституциялық Сот актіні, оның ішінде сот шешімін шығаруға негіз болған заңды қайта қарауға құқылы болады», - деді спикер.