«Бір көзден сатып алуда жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Қолданыстағы заңнамада тікелей шарт арқылы сатып алудың 47 негізі көзделген. Қысқарту үрдісіне қарамастан, мұндай сатып алулардың үлесі жоғары болып қалуда. Кейбір өңірлерде сатып алудың төрттен үш бөлігі бәсекеге қабілетсіз тәсілмен өткізіледі. Мысалы, 2021 жылы Түркістан облысында 324 млрд теңгенің 232 млрд теңгесі осындай тәсілмен немесе 70% - дан астамы өткізілді. Мұндай сатып алудың жарқын мысалы - зияткерлік меншік объектілерін сатып алу. Заңнамада авторлық құқық куәлігін алуға ешқандай шектеулер жоқ. Осы сылтаумен сценарий жұмыстары, компьютерлік бағдарламалар, ескерткіштердің эскиздері тіркеледі. Осылайша, бір көзден сатып алуды ұйымдастыру үшін қолдан жағдайлар жасалады. Сатып алуға байланысты кез келген зияткерлік жұмыс үшін авторлық құқықты тіркеу жеткілікті. Мысалы, цифрландыру саласын алайық. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері 268 млрд теңгеге 500-ге жуық ақпараттық жүйені сатып алды. Бұл соманың 80% немесе 230 млрд теңге бір көзден сатып алу тәсілімен игерілді. Бұл айтарлықтай сома. Жекелеген әзірлемелер бюджетке 9 млрд теңгеге дейін шығын келтірген», - деді спикер.  


Бұл тәжірибе неге әкелді? Әрбір үшінші ақпараттық жүйені уәкілетті орган қайталануына немесе пайдаланылмауына байланысты есептен шығаруға ұсынғаны белгілі болды. Жұмыс істемейтін IT әзірлемелерге ақы төлеген шенеуніктерге қатысты қылмыстық істер де бар.  


Тікелей шарт арқылы сатып алу негіздерін азайту 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына енгізілген.