«Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша оқыту семинарларын өткізе отырып, олардың қызметіне әдіснамалық қолдау көрсетеді. Қазір Парламентте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіндегі агенттіктің үйлестіруші рөлін күшейту бөлігіндегі түзетулер қаралуда. Аталған институтты дамыту бойынша бірқатар бастамалар ұсынылды. Мысалы, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы бірыңғай үлгілік ережені әзірлеуі және бекітуі тұжырымдамалық болып табылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту; мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу; корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту және басқа да басым функциялар айқындалатын болады. Бұл компаниялардағы ішкі бақылауды күшейтеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігіне мүдделі болуы тиіс, өйткені бұл олардың жауапкершілік аймағы. Мысалы, өткен жылы квазимемлекеттік сектордың 14 топ менеджері бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық үшін түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде үлкен блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс призмасы арқылы Бизнестің парасаттылығына жәрдемдесуге арналған. Оны іске асырудың екі жылдық тәжірибесі даярланған мамандардың жоқтығын көрсетті», - деп атап өтті спикер. 


Осыған орай, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде комплаенс-мамандарды даярлау басым бағыт болып айқындалған. Бұл бастама квазимемлекеттік секторда да, жеке секторда да кадрлар тапшылығы мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді.