«Жаңа тәртіп өзге құжаттарға сілтеме нормаларынсыз барлық сатып алу рәсімдерінің сипаттамасын қамтиды және тікелей қолданылатын құжат болып табылады. Бір көзден сатып алу негіздері айтарлықтай қысқарды. «Атамекен» ұлттық палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтарды осы процестерге тарта отырып, сатып алуды басқару және жеткізушілерді алдын ала іріктеу процесінің ашықтығы артты. 2021 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда есеп беруді күшейту мақсатында қоғамдық кеңестер құрылады. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің ауқымы кеңейтілді. Оларға сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдар жатады», - деп атап өтті спикер.  


Квазимемлекеттік сектордағы сатып алуды жетілдіру мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына да енгізілген.