Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасы жөнінде мәлімдеді.

Ол биылғы 5 маусымда елімізде өтетін Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы хабардар етті.  

Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелеріне тоқталған генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов оның барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынасқа бағытталған сындарлы сипатын атап өтті. 

– Еліміздің әскери доктринасы қорғанысымызға қатысты және  біз ұлттық мүдделерді қорғау мәселелерінде дипломатияға сүйенеміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.  

Брифинг барысында Қарулы күштерді реформалау әскерлердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік дайындығын арттыруға, әскери қызметтің беделін арттыруға және әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға, әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи және жоғары технологиялық үлгілерімен жарақтандыруға бағытталғаны атап өтілді.

Стратегиялық даму, Халықаралық ынтымақтастық және Жауынгерлік даярлық департаменттерінің өкілдері сөйлеген сөздерінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі қызметінің тиісті бағыттарын тілге тиек етті.

Дипломатиялық корпус атынан Корея Республикасының өкілі қазақстандық әскери атташелер қауымдастығының дуайені полковник Сон Тэгук сөз сөйледі.