Оның айтуынша, еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, кешенді алдын алу жұмыстары атқарылуда. 


«Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері республикалық деңгейде ведомствоаралық төтенше жағдайлар комиссиясында, өңірлерде облыстық, қалалық, аудандық комиссиялардың отырыстарында қаралып, нақты іс-шаралар бекітілді. Бүгінгі күні елімізде шомылуға рұқсат етілген 490 орын анықталды, оның ішінде 187 коммуналдық және 287 жеке жағажайлар және 16 орын бойынша нақты иеленушілерді бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда азаматтар шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар», - деді ТЖМ өкілі.