«Республикада барлығы 265 стационарлық бассейн, 146 қаңқалы-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері аталған бассейндерде 26 мыңнан астам бала жүзуге үйретілген. Азаматтардың суға кету қаупін төмендетудің тиімді әдістерінің бірі халықпен, әсіресе балалармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмысты үздіксіз жүргізу болып табылады», - деді ведомство өкілі. 


Оның айтуынша, халықтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында еліміздің оқу орындарында 1,5 млн адамды қамтыған 850 астам интерактивті сабақ ұйымдастырылды, сондай-ақ халықпен 3260 астам жиын өткізіліп, 55 мыңнан астам адам қамтылды). Халық арасында 120 мыңнан астам үгіт өнімдері таратылды, су айдындарында 2 мыңнан астам қауіпсіздік белгілері орнатылды. «2GIS» платформасында су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындар туралы деректер орналастырылған.