Оның мәліметінше, қазірдің өзінде 37 мыңға жуық адамды жұмылдырумен 17 мыңнан астам патрульдік және рейдтік іс-шаралар жүргізілді, нәтижесінде 118 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 


«Алдын алу жұмыстары аясында еліміздің су айдындарында суға шомылу кезеңі басталмаса да 7 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Су айдыдарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар мен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Алайда, орын алған қайғылы оқиғалар да жоқ емес. Өкінішке орай, 13 мамырдағы жағдай бойынша судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдардың қаза болу фактілері тіркелді, 25 адам суға батып кетті, оның ішінде 3 бала», - деді спикер.