Оның айтуынша, жақындарыңыздың және балаларыңыздың суға кетуін алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. 


«Ол үшін бейтаныс су көздеріне шомылмау керек. «Шомылуға тыйым салынады», «сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті!» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылмау; сондай-ақ, мас күйде шомылма; шомылудың шекарасын айқындайтын белгілерден асып жүзбеу; шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақындамау; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеу, сүңгімеу; жүзуге арналмаған заттармен жүзбеу; қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, қойтастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу керек. Ең бастысы, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеген жөн. Балаларды жүзуге үйрету мен қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларына баулу. Осы қарапайым ережелерді сақтау Сіздің және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі», - деді ТЖМ өкілі.  


Полковник бұл ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.