Серік Жұманғарин ұсынған деректер бойынша, бүгінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (ЭЖҰ) тарифтері тұтынушылардың топтары бойынша сараланады: тұрмыстық, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар. Тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифтер заңды және бюджеттік тұтынушылар үшін жасанды өсу есебінен төмендеу жағына қарай сараланады. Нәтижесінде бүкіл ел бойынша ШОБ жыл сайын 31 млрд теңгені артық төлейді.

- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірнеше жыл бойы тарифтерді саралауды кезең-кезеңмен қысқарту және алып тастау бағдарламасы көзделген. 2022 жылғы 2 наурызда ел Президентінде өткен энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте осы жұмысты пилоттық режимде 3 өңірде – Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бастау тапсырылды, - деп хабарлады Серік Жұманғарин. - Тарихи тұрғыдан электрмен жабдықтау қызметтерін әрқашан бір монополиялық компания көрсеткен.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда электрмен жабдықтау қызметі заңды түрде бәсекелес ортада. 36 электрмен жабдықтау ұйымынан басқа Қазақстанда 90-нан астам баламалы электрмен жабдықтау ұйымы жұмыс істейді, әрбір өңірде олардың саны 5-еуден кем емес.

Тұтынушылар тобы бойынша тарифтерді дифференциациялау - бұл бұрыннан келе жатқан және жаңа электр энергиясын жеткізуші компаниялар арасындағы бәсекелестікті шектейтін себептердің бірі. Әрине, бұдан кейін электрмен жабдықтау ұйымдарын ауыстыру мүмкіндіктері және тағы басқаларын таңдау құқықтары шектеледі.

Кенжеболат Көшекбаев атап өткендей, саралау нәтижесінде реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан заңды тұлғалардың тұтынушыларының кетуі проблемасы туындады, бұл соңғы тұтынушы үшін тариф деңгейіне де әсер етеді. Саралауды кезең-кезеңімен жою электрмен жабдықтау қызметтеріне төлемдер бойынша бюджет шығындарын қысқартуды көздейді, бұл бос қаражатты халықтың атаулы мұқтаж топтарына жіберуге мүмкіндік береді.

Қайрат Рахимовтың айтуынша, энергиямен жабдықтаушы ұйымды таңдау мүмкіндігі үшін «ЭЭҚРҚО» АҚ тарапынан онлайн режимінде автоматтандырылған жүйе әзірленіп жатыр.

Пилоттық жоба шеңберінде Алматы тұрғындары үшін электр энергиясы үшін ай сайынғы төлем құны тұтынылатын энергия көлеміне байланысты орта есеппен 200-300 теңгеге артады. Халықтың әлеуметтік мұқтаж топтары үшін тариф өзгермейді - айырманы оларға атаулы тұрғын үй көмегі есебінен мемлекет субсидиялайтын болады. Бұдан басқа, тұрғын үй көмегін алушыларға оны алу үшін көп күш жұмсаудың қажеті болмайды: Айгүл Бүркіталинаның деректері бойынша тұрғын үй көмегін есептеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жеңілдету үшін оны отбасының цифрлық картасын пайдалана отырып автоматтандыру және оны «Е-Шаңырак» АЖ-мен одан әрі интеграциялау жоспарланып отыр. 

Мұхит Әзірбаев әкімдіктің қазіргі кезде атаулы әлеуметтік көмек көлемін және оған мұқтаж Алматы тұрғындарының санын есептеп жатқанын хабарлады.

- Көмек атаулы, түсінікті болады және оған мұқтаж адамдарға жіберіледі, - деп атап өтті ол.

Кездесу тақырыбы шақырылған қатысушылар тарапынан қызу талқыланды және көптеген мәселелер туындады. Кездесу қорытындысы бойынша Алматы әкімдігі жанындағы жұмыс істеп тұрған электр энергиясының тарифі жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде бірлескен ұсыныстарды әзірлеу үшін пилоттық жобаны іске асырудың тетіктері мен барлық мәселелерін қарау туралы шешім қабылданды.