ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары мемлекет барлық деңгейлерде ашық диалогқа, оның ішінде болашақ дауыс беру форматының өзіне дайын екендігі туралы белгі беріп отырғанын атап өтті. 


«Тұтастай мемлекеттік аппарат пен оның жұмысының қағидалары қайта түзетуге жатады. Конституциялық түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекет еститін және тыңдайтын, сондай-ақ азаматтарға үнемі жауап беретін болады. Жалпы, 5 маусымдағы референдум - бұл  Қазақстанның құқықтық өрісін өзектендіру, оған ревизия жүргізу жөніндегі бұдан туындайтын барлық ауқымды ұзақ жұмыстың басы. Барлық реформалар азаматтарға әсер етеді. Алдағы референдумның табысты болуы көбінесе азаматтардың өздерінің белсенділігіне байланысты болады», - деп атап өтті спикер.