«Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берген болатын. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанды, тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырудың шамамен он шақты жағдайы тіркеледі, науқастардың 98%-дан астамы сауығып кетуде. Биыл 24 қаңтарда Ведомствоаралық комиссияның отырысында карантиндік шараларды жеңілдету тәсілдері қаралып, мақұлданды. Қазір елде барлық шектеу шаралары алынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы аптада бүкіл әлемде ауру 12%-ға төмендеді, бірақ аурудың өсуі Америка және Африка өңірлерінде байқалады. Сонымен қатар, әлемнің 97 елінде сырқаттанушылық артуда, мәселен, соңғы аптада Арменияда сырқаттанушылық 200%, Венгрияда 200% астам, Біріккен Араб Әмірлігінде 55%-ға, Жапонияда 54%-ға, Сингапурда 37%-ға, Израильде 15%-ға, Түркияда 12%-ға өсті», - деді министр. 


Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды күнделікті болжау және бағалау тұрақты негізде жалғасуда, жағдай ушыққан кезде КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін төсек-орындар, инфекциялық ауруханалар, емдеуге арналған қаражат көлемі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, жеке қорғаныс құралдары дайын.