«Коронавирус инфекциясының пандемиясы осы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымындағы әлсіз және проблемалық жерлерді айқындап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің сапасын және халықтың қалың тобының, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын адамдардың қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жүйелі жұмыстар басталды. Солардың бірі, мемлекет желісінің нормативін, алғашқы медициналық көмекбойынша жетілдіру болып табылады. Оның ішінде, 50 адамға дейін ауылды медициналық қызметкермен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қоса, ауылдық елді мекендерде 50 адамнан 500 адамға дейін медициналық пункттер; 500 адамнан 1500 адамаға дейін фельдшерлі-акушерлік пункттер; 1500 адамнан 5000 адамға дейін дәрігерлік амбулаториялар құру қарастырылған. Бұл ауруханаларға да қатысты», - деді спикер. 


Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, амбулаториялық жағдайда көмек көрсетудің жаңа қағидалары бекітілгенін атап өтті. Онда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді тікелей алу қарастырылған.