«2025 жылға қарай 500 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектісін салу, ауыл тұрғындары мен балаларға арналған профилактиканың жаңа тәсілдерін енгізу (Check-Up), пациентке бағдарланған мобилдік бригадалар, үздік практика орталықтары, ауруларды басқару бағдарламасы жетілдіріледі, консультациялық-диагностикалық қызметтер кеңейтілуде, жыл сайын дәрігерлер, соның ішінде ауылдық жерлерде жетіспейтін дәрігерлерді жеткізу шаралары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қабылданады. Телемедицинаны және қашықтықтан медициналық қызметтерді дамыту, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында геронтологиялық учаскелер ашу, яғни егде жастағы адамдарға өздеріне қолайлы қызметтерді ұйымдастыру, сотталғандарға қызмет көрсету үшін мамандандырылған дәрігерлік учаскелер ашу, амбулаториялық оңалтуды дамыту жоспарланған», - деді А.Ғиният. 


ДСМ басшысы осы шараларды іске асыру нәтижесінде медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсетуді қаржыландыру ұлғайғанын атап өтті. Оны 6-ға дейін арттыру және одан әрі 60%-ға дейін жеткізу жоспарланған, бұл ДДСҰ-ның кеңесіне сәйкес келеді.