«Мұның бәрі қоғамды саяси жаңғыртуға ғана емес, сайып келгенде, халықтың мемлекет істерін басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған. Тиісінше, бұл жағдайда 5 маусымда болатын референдум адамдарға елдегі саяси мәселелерді өз еріктерімен шешуге жол ашады және мүмкіндік береді. Одан әрі қалай жүреміз? Мемлекеттік жүйені жаңартуды қалаймыз ба? Қоғамдық өмірдің барлық жақтарын жаңартып, алға жылжуды қалаймыз ба? Менің ойымша, референдум әркім өзінің болашақта жарқын болашаққа жетелейтін өзгерістерге қатысы бар екенін сезінуі үшін қажет», - деп түйіндеді сарапшы.